Жарияланды: 1500

Оралда "Махамбет" қойылымының премьерасы өтті

Оралдағы Қазақ драма театрының сахнасында танымал драматург Иран-Ғайыптың пьесасы бойынша "Махамбет" қойылымының премьерасы өтті. Қойылым Махамбет Өтемісұлының 200-жылдық мерейтойына арналды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Сценарийі Батыс Қазақстан облысындағы қазақ театрының әртістері құрамына арнап әдейі жазылған қойылымның қоюшы режиссері Мұрат Ахманов болып табылады. "Махамбет" қойылымы үшін Иран-Ғайып махамбет атындағы сыйлықтың иегері атанған болатын. Бұл қойылым қыркүйек айының соңында Оралда өтетін республикалық театрлар фестивалінде көрермен назарына ұсынылады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін