Оралда өткен скрипкашылардың екінші халықаралық байқауында Жапониядан қатысқан қыз жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда өткен скрипкашылардың екінші халықаралық байқауында Жапониядан қатысқан қыз жеңіске жетті

Оралда өткен скрипкашылардың екінші халықаралық байқауында Жапониядан қатысқан қыз жеңіске жетті

Оралда өткен скрипкашылардың екінші халықаралық байқауында Жапониялық қатысушы жеңіске жетті. Атсуко Сахара есімді бұл қыз Токионың ұлттық өнер және саз университетінің түлегі көрінеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 624
Фото - Caravan.kz

Екінші орынды Ұлыбританиядан келген Король атындағы музыкалық колледждің түлегі Дмитрий Торчинский мен көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстандық қатысушы Жанна Ли өзара бөлісті. Қазылар алқасы үшінші орынды тағайындаудан бас тартуға шешім қабылдады.

Байқауға алты елдің скрипкашылары қатысып, олардың дарынын бес елдің танымал музыканттарынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Байқаудың бірінші сатысы Лондонда, екінші және үшінші сатылары Оралда өтті. Лондондағы алғашқы сатыға дүниежүзінің көптеген елдерінен 80-нен астам музыканттар қатысты.
«Әрине, менің Қазақстан өнері үшін жаным ауырады. Дегенмен, біздің скрипкашылардың әділетті додаға түсуін қалаймын. Сол себепті мен байқауға қатысушылар үшін жоғары талап қоямын. Бұл жерде ең дарынды музыкант жеңіске жетуі тиіс»,- дейді қазылар алқасының төрағасы Марат Бисенғалиев.
Байқау барысы туралы ақпаратты қазақстандық БАҚ-тармен бірге Би-Би-Си телекомпаниясы, Би-Би-Си радиосы мен «Дэйли телеграф» газеті, сондай-ақ, Жаңа Зеландиялық тілшілер таратты.

Соңғы жаңалықтар