Оралда республикалық театр фестивалінің қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда республикалық театр фестивалінің қорытындысы шығарылды

Оралда республикалық театр фестивалінің қорытындысы шығарылды

Оралда Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына арналған республикалық театр фестивалінің қорытындысы шығарылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қазан 2003
  • 750
Фото - Caravan.kz

Бірінші орын мен 420 мың теңгені Иран Ғайыптың «Махамбет» қойылымы үшін Батыс Қазақстан драма театры, екінші орынды Қызылорда облыстық музыкалық-драма театры, үшінші орынды Б.Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театры еншіледі.

Ал фестивальдің бас жүлдесін Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар және балалар театры жеңіп алды. Жеңімпазға дипломмен бірге Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындаған 500 мың теңге табыс етілді.
Ақтөбе театрының әртісі Елтай Кемал Махамбеттің ролін ең жақсы сомдағаны үшін сыйлыққа ие болса, Оңтүстік Қазақстан облыстық театры ұлттық театрды дамытқаны үшін, ал ұйғыр театрының әртісі Алина Үсенова Фатима ролін ең үздік сомдағаны үшін марапатталды.
Қазылар алқасының төрағасы, жазушы Қадыр Мырза Әлінің айтуынша, биылғы фестивальдің ерекшелігі сонда, бұл жолы бұрын болмаған көптеген номинациялар ұсынылды. Барлығы 12 номинация бойынша дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ, барлық театрлар фестивальдің ескерткіш дипломымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар