Жарияланды: 680

Оралда жазушы Қ.Мұхамбетқалиұлының «Тар кезең» романы таныстырылды

Кеше Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында белгілі жазушы Қажығали Мұхамбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романын әдеби талқылауға арналған шара өткізілді.

Кеште М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасов қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, атақты батыр Сырым Датұлының бейнесі сомдалған романға әдеби талдау жасаса, батысқазақстандық ақын-жазушылар Айтқали Нәріков, Энгельс Ғаббасов, Ақұштап Бақтыгерева, сондай-ақ оқырмандар атынан Ғабдрахим Жаңбырбаев өз ой-пікірлерін білдірді. Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев авторға ыстық ықыласын білдіріп, иығына шапан жапты. Осының алдында облыс басшысы жазушыны өз резиденциясында қабылдаған болатын. Онда Нұрлан Асқарұлы қаламгерді Жайық өңірінің хал-ахуалымен таныстырып, жасалып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндады. «Батыс Қазақстан - әуелден дарынды перзенттерге бай облыс. Мен осы өңірдің төл перзенті, даңқты Сырым батыр туралы көп жазған адаммын. Сырым осы өңірдің туына айналған тұлға деп ойлаймын. Облыс басшысы қабылдау кезінде елдің жағдайын айтты, жоспарларымен таныстырды. Тарихи романымның тұсаукесеріне орай осылай елеп-ескергені үшін ол азаматқа ризамын. Көңілім бір марқайып қалды. Тарихи романды талқылау кеші де ойдағыдай өтті. Ой саларлықтай бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды», деді Қ.Мұхамбетқалиұлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін