Орта жүз және оған кіретін рулар туралы ақпарат - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орта жүз және оған кіретін рулар туралы ақпарат

Орта жүз және оған кіретін рулар туралы ақпарат

Шешіре бойынша орта жүздің құрамы ең басты алты рудан тұрады.

  • 25 Сәуiр 2018
  • 24197
Фото - Caravan.kz

Олар: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ. Аталған рулар өз ішінде де түрлі руларға бөлінеді 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген.

Арғын – қазақ халқының ішіндегі саны жағынан ең көп рулардың бірі. Мал жаны көп ел орталық қазақстанға шашырай қоныстанды. Қазіргі кезде олар негізінен Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарын мекендейді. Қазақ хандығын құруға ат салысқан. Кейінгі кезде кейбір ғалымдар арғындар ертеде Иран аумағынан келді деген болжам айтуда.

Найман – кейбір деректер бойынша саны жағынан қазақтың ең ірі руы. Найман атауы  туралы да әр түрлі сөз бар. Кейбір деректер «найман» сөзінің сегіз ру деген мағына беретінін айтады. 1917 жылғы Ресей үкіметі жүргізген санақ бойынша Ресей және Қытай империяларының құрамында 830 мыңдай Найман тайпасының өкілдері өмір сүрген. Қазіргі кезде Наймандар еліміздің Шығыс Қазақстан, Алматы облысы, Қарағанды, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көптеп тұрып жатыр.  

Керей — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі. Бүгінде Шығыс Қазақстанның Мақаншы, Зайсан аудандары және көршілес Қытай, Моңғолия елдерінде көптеп қоныстанған. Ал шыққан ата жұрты – ерте замандарда көптеген түркі халықтарының қонысы атанып кеткен қазіргі моңғол даласы, Алтай аймағы.  

Уақ— көне тайпалардың бірі.  Олардың орналасқан жерлері Семей қаласынан оңтүстікке қарай Семейтау, Белтерек, Арқалық тауларының жазығы және СҚО мен Павлодар өңірлері.


Қоңырат — орта жүздегі ежелден келе жатқан аса ірі рулардың бірі. Бүгінде олар Оңтүстік Қазақстан облысында, Сырдария бойында және Ташкент маңында көптеп орналасқан. «Шыңғысханның құпия шежіресі» кітабында Шыңғысханның бәйбішесі Бөрте  Қоңырат руынан екені айтылады.

Қыпшақ —   қазақтар мен қатар өзге де бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа.  Аристов, Гумилев сынды бірқатар ғалымдар Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Ежелгі заманда қыпшақтар Қазақстан аумағындағы Сырдария, Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу бойында көшіп-қонып жүрді. Бүгінде әр аймаққа шашырай қоныстанған

Осыған байланысты оқушылардың көбісі бұд тақырыптағы рефераттарды іздейді.

Руың кім болады?

Соңғы жаңалықтар