Жарияланды: 910

Өскеменде «Керей-Жәнібек» тарихи драмасы сахналанды

Өскеменде «Керей-Жәнібек» тарихи драмасы сахналанды

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында «Керей-Жәнібек» тарихи драмасының премьерасы қойылды, - деп хабарлайды 24.kz.

Аталған туынды жұрт назарына Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұсынылды. Төрт ай дайындалған қойылымның авторы – белгілі жазушы, драматург Думан Рамазанов. Сахналық туындыда бастан-аяқ қазақ халқының өткен өмірінен, тарихынан сыр шертіледі. Қойылым атауы «Керей-Жәнібек» болғанымен, ондағы басты кейіпкер – Халық. Премьера барысындағы негізгі түйін арқылы шығармашылық ұжым «Қазақ» атауының шығу тарихына мән берген. Спектакль соңында дүниеге келген ұл балаға Асан қайғы абыздың «Қазақ» деген есім беруі де шығармашылық тұжырымды білдіреді.

Болат Ұзақов, «Керей-Жәнібек» тарихи драмасының қоюшы-режиссері:

- Спектакль, өткен тарихымыз арқылы, сол кезде бүгінгі болашағымыз үшін тер төккен, қандарын, жандарын берген бабаларымыздың еңбектері еш кетпесе екен дедік. Солардың еңбегі, өмірлері, бізге қалдырған өсиеттері бізден кейінгі ұрпаққа да жетуі керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін