Өскеменде облыстық «Халық театрлары» фестивалі өз мәресіне жетті
![]() |
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы және Жамбыл атындағы облыстық драма театрының ұйымдастыруымен - тұңғыш рет «Халық театрлары» фестивалі өтті. |
Аталған фестивальға 9 театр ұжымы қатысты. Аталған фестиваль өз дәрежесінде өтті.
Орындар мен номинациялар:
Бас жүлде - «Зайсан» халық театры, «Поэзия» жастар театры - Зайсан ауданы Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Махаббат заңы» композиция.
1-орын - «Қозы Көрпеш» халық театры - Аягөз ауданы Л.Егембердиева «Қалталы күйеу қайдасың»
2 – орын «Керуен» халық театры - Үржар ауданы Ш.Айтматов «Ана –жер-ана»
3- орын «Ұлан» халықтық драма театры -Ұлан ауданы Х.Сейтханқызы «Мәңгілік махаббат»
Үздік режиссерлік жұмыс: «Р.Есдәулетов атындағы арнайы сыйлық», «Ес-аймақ» студенттер театры - Семей қаласы
Үздік сценограф: «Ес-аймақ» студенттер театры - Семей қаласы
Үздік музыкамен көркемдеуші: «Нұр Алтай» театры - Катонқарағай ауданы.
Үздік ер адам рөлі: «Ақжар» халық театры -Тарбағатай ауданы, Айдар Аусарбаев.
Үздік әйел адам рөлі: «Ақсуат» халық театры Тарбағатай ауданы, Тілеуленова Айжан
Жас талант: «Бүгінгі күннің бас кейіпкері, бойжеткен», «Ақсуат» халық театры Тарбағатай ауданы, Қарлығаш Орынбекова
Жас талант: «Бүгінгі күннің бас кейіпкері, бозбала», «Ес-аймақ» студенттер театры - Семей қаласы Біржан Екпінов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін