Өскемендік әдемі қыз орындаған керемет мағыналы әрі ойнақы ән желіні жарып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендік әдемі қыз орындаған керемет мағыналы әрі ойнақы ән желіні жарып жатыр

Өскемендік әдемі қыз орындаған керемет мағыналы әрі ойнақы ән желіні жарып жатыр

Өскемендік Нұрайым Сарыбайдың орындауындағы керемет ән қазір бүкіл әлеуметтік желіні шарлап жүр. «Атақ» деп аталатын бұл ән көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

  • 15 Қараша 2017
  • 17292
Фото - Caravan.kz

Жұрт Нұрайымның дауысына да тәнті болуда, деп хабарлайды Caravan.kz.

Расымен де оның дауысы ерекше. Айтып тұрған әнінің әуені де, сөзі де керемет. Клипі тым қарапайым. Бірақ соның өзі әдемі көрінеді.

Біз «Атақ» әнінің сөзін тыңдармандар назарына ұсынып отырмыз. Қосылып айтуларыңызға болады.

Атақ

Атақты мәңгі десең, қателескенің.

Ақшамен аталас па едің?

Мәңгі дос – ағайының, қатар өскенің.

Байлықты бақыт десең, адасып жүрсің,

Тезекке таласып жүрсің.

Әр адам әр адамның бағасын білсін.

Кешікпе сағатыңнан

Алтынмен жалатылған.

Мәңгілік ештеңе жоқ,

Ешкім жоқ дара туған.

Бәріміз пенделерміз

Уақытша жаратылған.

Жақсы ғой төрге қарай талпынғандығың,

Мен төрге салқынқандымын.

Себебі, туған жоқпын халқымнан бұрын.

Анадан тумайды ешкім тәкаппар болып,

Туса да шатақтау болып.

Өзіміз өзгертеміз атақтарға еріп.

Жұмыстан бас алмайсың,

Ырыстан қаша алмайсың.

Сырыңды аша алмайсың,

Нұрыңды шаша алмайсың.

Бір күні жұмасың да,

Көзіңді аша алмайсың.

Кешікпе сағатыңнан

Алтынмен жалатылған.

Мәңгілік ештеңе жоқ,

Ешкім жоқ дара туған.

Бәріміз пенделерміз

Уақытша жаратылған.

Жұмыстан бас алмайсың,

Ырыстан қаша алмайсың.

Сырыңды аша алмайсың,

Нұрыңды шаша алмайсың.

Бір күні жұмасың да,

Көзіңді аша алмайсың.

Соңғы жаңалықтар