Жарияланды: 540

Отандық жаңа картина «Виртуалды махаббаттың» тұсауы кесіледі

Отандық жаңа картина «Виртуалды махаббаттың» тұсауы кесіледі

Бүгін Алматыда Әмір Қарақұловтың «Виртуалды махаббат» фильмінің тұсауы кесіледі.

Пресс-көрсетілім «Қазақфильм» киностудиясының DOLBY қайта жазу залында өтеді. 2012 жылдың жаңа туындысы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен MCR Agency-мен бірлесіп түсірілді. Рөлдерде - Бибігүл Сүйіншалина, Артур Смольянинов, Бөпеш Жандаев, Төлепберген Байсақалов, Александра Морозова. Картина желісі бойынша тәккаппар бойжеткен өзіне ес-түссіз ғашық ебедейсіз әріптесіне еш мән бермейді. Сондай-ақ кейіпкер қыздың жүрегіне жолды дәулетті ересек адам - өзінің бастығы іздеп-табуға тырысады. Бірақ қыздың кәсіби беделі мен абыройы ол қатынастарға жол бермейді. Ақырында, шындық өмірден қашып жүріп, махаббатын интернетте табады. Бірақ жұмбақ жігіт өзінің түрін неліктен үнемі жасырады? Бұл құпияны қалай шешуге және виртуалды сезімдерді қалай шынайы етуге болады? Көрсетілімнен кейін картинаның режиссерімен және шығармашылық тобымен кездесу ұйымдастырылады. «Виртуалды махаббат» ел кинотеатрларына 22 қараша күні жол тартады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін