Өзбек әншісі видеоға жалаңаш түскені үшін сахнадан біржола аластатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбек әншісі видеоға жалаңаш түскені үшін сахнадан біржола аластатылды

Өзбек әншісі видеоға жалаңаш түскені үшін сахнадан біржола аластатылды

 

  • 13 Шiлде 2016
  • 757
Фото - Caravan.kz

Видеоға жалаңаш түскені үшін басы дауға қалған өзбек әншісі Тамила енді қайтып сахнаға аттап баса алмайды. Бұл туралы podrobno.uz тілшісіне «Узбекнаво» мемлекеттік эстрада бірлестігінің бас директоры Фархад Жураев хабарлаған.

«Әншінің лицензиясы қайтарылуы мүмкін бе?» деген сұраққа Жураев «Тамила енді ешқашан лицензиясын ала алмайды. Оның себебін өздеріңіз білесіздер» деп жауап берген.

Өзбек әншісінің жалаңаш видеосына қатысты дау осы жылдың басында туындаған еді. Онда Тамила түнде ашық түрде көшеде кетіп бара жатады. «Узбекнаво» содан кейін оны концерт беру лицензиясынан айырды. Бірлестік басшысы оның енді мүлдем қайтарылмайтынын айтып отыр. Қазір әлгі видео да ғаламтордан алынып тасталған.

Жураев жақында әншімен сөйлесіп көріпті. Бірақ Тамила «кері қайт» дегенге еш көнбей қойған. «Бала кезінен ауытқулары бар сияқты. Ол сахнаға емес, емханадағы психологқа баруы керек» дейді «Узбекнаво» басшысы.


Әлеуметтік желілердің кейбір қолданушылары тіпті әншіні қолдап шыққан. Олардың ойынша, аталған видео жеке қолданыстағы дүние болғандықтан, шығармашылыққа еш қатысы жоқ.

«Узбекнаво» өткен жылы да Тамиланы бетіне пирсинг жасап түскен суреттерін әлеуметтік желілерге жариялағаны үшін лицензиясынан айырған еді. Алайда сол жылы қарашадан бастап оның сахнаға шығуына рұқсат берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар