"Өзі қоса қыстырылап, шошаңдайды да жүреді": Қайрат Нұртасты "мамасының баласы" деп мұқатады деген Гүлзира Айдарбекова тағы да елден оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.95
  • 525.49
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзі қоса қыстырылап, шошаңдайды да жүреді": Қайрат Нұртасты "мамасының баласы" деп мұқатады деген Гүлзира Айдарбекова тағы да елден оңбай сөз естіді

"Өзі қоса қыстырылап, шошаңдайды да жүреді": Қайрат Нұртасты "мамасының баласы" деп мұқатады деген Гүлзира Айдарбекова тағы да елден оңбай сөз естіді

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты "мамасының баласы" деп сынайтындарға жауап берді.

  • 7 Маусым
  • 183
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Байқайсыздар ма, оқып та жүрген боларсыздар? Қайраттың ата-анасына біздерге деген ерекше құрметіне разы адамдар 80 пайыз болса 20% і азғырумен отырады, ой мамасының баласы дегеннен бастап мұқатып. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімділігін ешкім алып тастай алмайтынына көздері жетер емес және Алланың берген бағымен таласуынан өз ұрпағына зияндық келетініне де күмәні бар не қысқа ойлайды, санасы жетпейді. Мынадай мәтелдер жәйдан-жәй емес. “Ата-ананы құрметтеңіз, олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды!” “Ата-ананың ақ батасы, -сені үлкен жетістіктергн жеткізеді.”
“Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі!”
“Ата-анаң үшін не істесең, балаларыңнан соны күт!” Мәтелдер ұнап жатса, ойыңызға түйіп, сізде ойыңызда жүрген мәтелдерді жаза кетіңіз! “Жақсы сөз жарым ырыс!”
О адамдар, жақсы сөйлейікші, бір-бірімізге жақсылық жасайықшы, сол кезде елімізге де Алла әр отбасына да, жақсылықтың нұрын төгеді, мүмкін өзгеру және өзгерту өз қолымызда!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айдарбекованы тағы да сынға алды. Олар: «Ылғи осылай жақтаудан шаршамадыңыз ба? Үлкен адамның өміріне араласып неңіз бар?», «Қыстырылып, шошаңдайсыз да жүресіз, түк жараспайды», «Ұят екен үнемі ұлын осылай жақтау» деген пікірлерін жаудырып жатыр.