Павлодарда қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің ғасырлық мерейтойы аталып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің ғасырлық мерейтойы аталып өтті

Павлодарда қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің ғасырлық мерейтойы аталып өтті

Биыл қазақ әдебиетінің классигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына биыл 100 жыл толды.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 611
Фото - Caravan.kz

Осыған орай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ЮНЕСКО-ның қолдауымен оқырмандар конференциясы өтті.

«Бірлік» студенттер ассамблеясының белсенділері, ұстаздар мен академик Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана қызметкерлері қазақтың тарихи проза классигі шығармашылығының негізгі кезеңдерін талқыға салды.

«Бүгінгі конференцияда біз бірінші кезекте ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шығармашылығы мен І.Есенберлин мұраларын қатар қойып, талқылауға тырыстық, — дейді «Бірлік» студенттер ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов. — Оларды Отанға деген үлкен махаббат жақындастырады және олар тек бірлік болғанда ғана қазақ халқы күшті болатынын жиі-жиі еске салып отырады».

Еске сала кетсек, 2015 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы жыл кітабы болып таңдалған болатын.



null 

null  

Соңғы жаңалықтар