Павлодарда Сара Назарбаеваның кітабы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Сара Назарбаеваның кітабы таныстырылды

Павлодарда Сара Назарбаеваның кітабы таныстырылды

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Сара Назарбаеваның «Философия любви» кітабының таныстырылымы өтті,

  • 20 Маусым 2011
  • 889
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

Кітап авторы — адамды рухани-адамгершілік дамытуға, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беруге бағытталған «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жасақтаушы. Кітапты талқылауға оқытушылар, мамандар және студенттер атсалысты.

Аймақтың оқу орындарында «Өзін өзі» тану курсын сынақтан өткізу және енгізу жөніндегі республикалық тәжірибе алаңының Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында жұмыс істей бастағанына бірнеше жылдың жүзі болды. Мол тәжірибе жинақталып, әдістеме әзірленді — мемлекеттік және педагогикалық құрылымдармен тығыз байланыстар орнатылды.

Былтырдан бері «Өзін өзі тану» сабағы Қазақстанның барлық метептеріне енгізілді, сондықтан да осынау жаңа пәнді оқытатын мұғалімдерді дайындау қажеттілігі туындап отыр. Павлодар институтында осы мақсатта «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандығы ашылды.

Сара Алпысқызының кітабы республикамыздың даму тәжірибесін жинақтап, адамға, Отанға, өмірге деген сүйіспеншіліктің пәлсапасын ашады, адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың қыр-сырын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар