Оқиғаның сюжеті фантастикалық. Жер ғаламшарындағы апаттан кейін бірнеша адам ғана қалды, ал олар сана бойынша мутантқа айналған. Көп ұзамай бұл топқа Аң — жақсылығы мен мейірімділік қасиеттері адамдарға қарағанда мол, аң терілерін киіп алған жас ер адам қосылады. Ол басқаларға мүлдем ұқсамайды.
Қойылымда жұртқа таңар мораль жоқ. Көрермен осындай болашақ адамдарды күте ала ма, жоқ па — оны өзі шешуі керек.
Мәскеулік режиссер Олег Белинский спектакльді трагикомедия жанрында қойды — көріністерде мұңмен бірге жүретін әзіл де көп, оқиға желісі жедел ауысып отырады. Актерлер Александр Амосов, Ольга Светенкова, Роман Шарипов өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.