Павлодардың көркемсурет мұражайында Хасен Абаевтың жеке көрмесі қайтадан жұмыс істей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардың көркемсурет мұражайында Хасен Абаевтың жеке көрмесі қайтадан жұмыс істей бастады

Павлодардың көркемсурет мұражайында Хасен Абаевтың жеке көрмесі қайтадан жұмыс істей бастады

Павлодардың көркемсурет мұражайында Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, халықаралық көркемсурет қорының президенті Хасен Абаевтың жеке көрмесі қайтадан жұмыс істей бастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 538
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодардың көркемсурет мұражайындағы Х.Абаевтың көрмесі биылғы жылдың 20-маусымында ашылған болатын. Алайда, сол күні, көрме салтанатты түрде ашылғаннан дәл бірнеше сағаттан кейін мұражай залдарының бірінде аспалы төбе құлау салдарынан мұражай жөндеуге жабылды.

Павлодардың көркемсурет мұражайында қайтадан жұмыс істей бастаған Хасен Абаевтың жеке көрмесіне суретшінің 120-дан астам туындысы, соның ішінде кескіндемелік, графика туындылары мен кітапқа арналған иллюстрациялар бар. Көрмеге арнап таңдап алынған суреттер қылқалам шеберінің 30 -жылдық шығармашылық жолынан көрерменді хабардар етеді.
Павлодар облысының тумасы Х.Абаев — осындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ескерткіш авторларының бірі. Суретшінің жеке көрмесі биылғы жылы атап өтілетін Павлодар облысының 65-жылдық мерейтойына арналады. Көрме 12-қазанға дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар