Жарияланды: 390

Павлодарлық суретші Б.Машраповтың мерейтойлық көрмесі ашылды

Павлодарда суретші Бота Машраповтың көрмесі ашылды, деп хабарлады көркемөнер мұражайынан.

Биылғы жылы көркем сурет және мүсіннің танымал шебері мерейтойлық дата - 60 жылдығын атап өтуде, экспозиция оның шығармашылығының өзіндік қорытындысын шығарады. Көрмеде мүсінші, дизайнер, көркем суретші және график Б.Машраповтың елуге жуық кезеңдік шығармалары ұсынылды. Бота Қабыкенұлы - жан-жақты суретші, деп атап өтеді өнертанушылар. Көркем суретпен айналысып, мұражайлардың, мектептер, клубтар және мәдениет сарайларының қызықты интерьерлерін құруда. Астанадағы «Семей-Невада», «Денсаулық-халыққа», «Этноауыл» сияқты бұқаралық көріністердің қоюшы режиссері ретінде жұмыс істейді. Бірақ оның басты әуестігі - мүсін. Ол Ертіс маңындағы танымал адамдардың 20-ға жуық мүсіндері мен ескерткіштерін жасады. Олардың арасында Павлодар саябағында орнатылған Ауған жауынгерлерінің ескерткіші және қаланың орталық алаңындағы Антон Чеховқа арналған ескерткіш бар. Мерейтойлық ретроспективті көрмеде оған келушілер автордың танымал туындылары мен жаңа жұмыстарын көреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін