Петропавлда республикамыз бойынша тұңғыш телетеатр орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда республикамыз бойынша тұңғыш телетеатр орнатылды

Петропавлда республикамыз бойынша тұңғыш телетеатр орнатылды

Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы кітапханада еліміз аймақтары бойынша тұңғыш телетеатр орнатылды. Алматыдағы орталық студиямен екі арадағы тұрақты спутниктік байланыс көрермендер назарына ұсынылатын бағдарламалар мен фильмдердің сан алуандығы, кескіні мен дыбыс сапасын қамтамасыз етеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы Амангелді Балмұханов хабарлады.

  • 17 Қазан 2003
  • 500
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, сандық телепрокат жүйесінің мақсаты — ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарына сапалы көркем және деректі фильмдер, ғылыми-дәріптемелік және танымдық бағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік беру болмақ. Қазір мұнда дәл осындай 30-дан астам телетеатр ашу көзделіп отыр. Петропавлдан үлгі алып, уақыт өте келе облыстың басқа аудан орталықтары мен ауылдарында да осындай жаңа телетеатрлар орнатылады. Бұл — 2004-2010-жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға да сай келеді.

А.Балмұхановтың айтуынша, бір тәулік ішінде телетеатрда 7 сеанс өткізу межеленген. Олардың билеті 100 теңге шамасында.

Соңғы жаңалықтар