Президенттік мәдениет орталығында Ислам каллиграфиялық көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттік мәдениет орталығында Ислам каллиграфиялық көрмесі ашылды

Президенттік мәдениет орталығында Ислам каллиграфиялық көрмесі ашылды

Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында ислам каллиграфиялық көрмесі ашылды. Бұл көрме Ислам конференциясы ұйымының Министрлер кеңесінің 38-сессиясы аясында ұйымдастырылып отыр.

  • 28 Маусым 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Ұйымға қарасты орган саналатын Ислам тарихы, өнері және мәдениеті жөніндегі зерттеу институтының бастамасымен қолға алынған осы көрмеде отыздан астам каллиграфиялық жұмыстар ұсынылды.

Ислам тарихы, өнері және мәдениеті жөніндегі зерттеу институтының бас директоры Халит Эреннің айтуынша, орталық мұсылман ұлттарының тарихы, ғылымы, сәулет өнері, ислам мәдениеті мен өркениетіне байланысты барлық салалардағы зерттеу, құжаттандыру жұмыстарымен айналысады.

Каллиграфия әдемі өрнек түрінде берілген жазу болып табылады. Құран сүрелері, нақыл сөздер жазылған каллиграфиялық жұмыстар Түркиядан әкелінген. Жалпы, әлем бойынша каллиграфиялық жұмыстар қорының көбі аталған елдің Ыстамбұл қаласында сақталған.

Елордада өткізіліп отырған Ислам каллиграфиялық көрмесі 30 маусымға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар