Жарияланды: 2100

Қайрат Нұртастың анасы продюсерлікпен қатар өзі де ән айта бастады

Қайрат Нұртастың анасы продюсерлікпен қатар өзі де ән айта бастады

Продюсер Гүлзира Айдарбеков жолдасымен қосылып дуэт орындады. Әзірге бұл дуэттің ғұмыры қаншалықты ұзақ болатыны белгісіз.

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Гүлзира Айдарбекова, алдымен, ұлын, кейін сүйіктісін сахнаға шығарған болатын. Енді продюсердің өзі жақындарымен бірге өнер көрсете бастады. Ол жолдасымен бірге «Мафия мен Тақия» концертінде махаббат туралы ән айтып шықты. Әзірге бұл дуэттың ғұмыры қаншалықты ұзаққа баратыны белгісіз. Мұнымен қатар, аталған концертте танымал актер Қуандық Шәкіржанов жұбайымен бірге ән айтқан. Актердің жұбайы – кәсіби әнші. Бірақ өнерін 25 жыл бұрын отбасының жолында құрбан еткен.

«25 жылдан кейін сахнаға бірге шығуды жөн көріп отырмыз. Бұл мен үшін үлкен сыйлық болды. Махаббат сезімі жастарды алға жетелеп, қазақтың ұл-қыздарына сахнада бірге көрсеткен өнеріміз үлгі болсын», – дейді Арай Шәкіржанова.

Ал Қуандық мырза алдын ала халықтан кешірім сұрап алуды жөн көрді. Айтуынша, өнерлері халықтың көңілінен шықпай қалуы мүмкін. «Көп жылдан бері алғаш рет сахнаға бірге шығып тұрмыз. Қатты сөкпеңіздер. Көңілдеріңізден шықпай қалсақ, ренжімеулеріңізді сұраймыз. Концерттің тақырыбы – «Махаббат әлемі». Осы тақырыптан алыстамайық деп жақсы көретін інішегіміздің бір әнін таңдадық», – дейді Қуандық Шәкіржанов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін