Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Танымал өнер иесі Алмас Кішкенбаев Instagram парақшасында оқырмандардың бірқатар сауалдарына жауап берді.
Әнші тіпті жеке өміріне қатысты сұраққа да бүкпесіз жауап берді. Бүгінде өнер иесі жалғыз емес көрінеді. Айтуынша, ұнатып жүрген адамы бар.
"Зере мені қатты қызғанады. Мен бармын ғой жаныңда дейді. Жалпы, өзіме ұнайтын адам бар. Бірақ қаншалықты шынайы екенін білмеймін. Бұл қарым-қатынастың немен аяқталатынын бір Алла біледі",
– деп өз сөзін аяқтады.
Желі қолданушылары әншіге бақыт тілеп, ыстық лебіздерін білдіртті.