Жарияланды: 580

Қарағандыда көне фильмдердің фестивалі өтеді

Қарағанды облыстық мәдениет департаменті "Киноның алтын қорынан" атты фестиваль ұйымдастыру туралы бастама көтерді. Шара аясында 15-тамыз бен 15-қыркүйек аралығында облыстағы барлық кинотеатрларда халық сүйіп тамашалайтын ескі фильмдерден көрсетілім ұйымдастырылмақ.

Мәдениет департаментіндегілердің айтуынша, фестиваль репертуары көрермендердің өтінішіне қарай іріктеледі. Осы орайда қарағандылықтар "Сұлтан Бейбарс", "Менің атым Қожа", "Қыз Жібек", "Кавказ тұтқыны", "Малиновкадағы неке " атты фильмдерге көбірек тапсырыс берген. Жалпы алғанда Қарағанды облысында 12 кинотеатр мен кинолық қондырғылар бар. Ал облыстың шалғай аудандары үшін мәдениет департаменті қордағы көшпелі қондырғыларды пайдаланбақ ниетте. Бұл қондырғылар бір ай бойы ең шалғайда орын тепкен жайлаулардың өзіне дейін жетіп даяшылық көрсетпекші. Кинофестивальдің аяқталу салтанатына халықтың ықыласына бөленген таңдаулы фильмдерде ойнаған кино әртістері қатысады деп межеленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін