Жарияланды: 630

Қарағандыда "Сары Арқа сазы" атты халықаралық фестиваль ашылады

11-қыркүйек, бейсенбіде Қарағандыда "Сары Арқа сазы" атты халықаралық фестиваль басталады. Соңғы жылдарда дәстүрлі өткізіліп келе жатқан бұл фестиваль биыл бесінші мәрте шымылдық ашқалы отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Әртүрлі елдерден келген әртістер мен сазгерлер қаланың ең таңдаулы музыкалық және театр сахналарында төрт күн бойы концерт береді. Осыдан екі жыл бұрын "Сары Арқа сазы" фестивалі халықаралық шара деген мәртебеге ие болды. Бұл жолы фестивальде АҚШ-тың "Феникс" атты ішекті аспаптар квартеті қайырымдылық концерт береді деп күтілуде. Сондай-ақ, Қарағандыда өтетін фестивальге биыл қазіргі таңда Германияда тұрып, сонда еңбек ететін танымал тенор Қайыржан Жолдыбаев пен Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Толқын Забирова, Сергей Захаров сынды Қазақстан және Ресейдің эстрада жұлдыздары келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть