Қарағандыда "Сары Арқа сазы" атты халықаралық фестиваль ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда "Сары Арқа сазы" атты халықаралық фестиваль ашылады

Қарағандыда "Сары Арқа сазы" атты халықаралық фестиваль ашылады

11-қыркүйек, бейсенбіде Қарағандыда "Сары Арқа сазы" атты халықаралық фестиваль басталады. Соңғы жылдарда дәстүрлі өткізіліп келе жатқан бұл фестиваль биыл бесінші мәрте шымылдық ашқалы отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 620
Фото - Caravan.kz

Әртүрлі елдерден келген әртістер мен сазгерлер қаланың ең таңдаулы музыкалық және театр сахналарында төрт күн бойы концерт береді. Осыдан екі жыл бұрын «Сары Арқа сазы» фестивалі халықаралық шара деген мәртебеге ие болды.

Бұл жолы фестивальде АҚШ-тың «Феникс» атты ішекті аспаптар квартеті қайырымдылық концерт береді деп күтілуде. Сондай-ақ, Қарағандыда өтетін фестивальге биыл қазіргі таңда Германияда тұрып, сонда еңбек ететін танымал тенор Қайыржан Жолдыбаев пен Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Толқын Забирова, Сергей Захаров сынды Қазақстан және Ресейдің эстрада жұлдыздары келді.

Соңғы жаңалықтар