«Қазақ елі» 10 сериялы көркем фильмнің түсірілімі үшін 150 млн. теңге демеушілік қаржы аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақ елі» 10 сериялы көркем фильмнің түсірілімі үшін 150 млн. теңге демеушілік қаржы аударылды

«Қазақ елі» 10 сериялы көркем фильмнің түсірілімі үшін 150 млн. теңге демеушілік қаржы аударылды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсіріліп жатқан «Қазақ елі» атты 10 сериялы көркем фильмнің түсірілімдеріне 150 млн. теңге демеушілік қаржы аударылды.

  • 11 Қараша 2015
  • 499
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін тілшілерге осы туындының продюсері Арман Әсенов мәлім етті.

«Бүгінде туындының түсіріліміне 150 млн. теңге халықтық ақшаны жинадық. Қазақстанда құнды қағаздар нарығында жұмыс істеп жүрген ресейлік инвестициялық компания бірден 100 млн. теңге аударды. Кеше олар қосымша қаржыны бөлді. Осы аптада ірі өнеркәсіптік топпен келіссөздер жүргізудеміз және олар 500 млн. демеушілік қаржыны аударуға ниетті», — деді А.Әсенов. 
Осы орайда ол сериалдың бастапқы бюджеті 5,5 млрд. теңге болғанын еске салып өтті. 
«Сценарийдегі қысқартулардан кейін бюджет 2 млрд. 167 млн. теңгені құрады. Бізге 1 млрд. теңгені бөлді, қазіргі кезде қосымша 450 млн. теңге аударылмақ. Және 500 млн. теңгені біз меценаттардан тартудамыз. Осы қаржы жеткілікті болады», — деп тоқталды продюсер. 
Оның сөзіне қарағанда, бұл көпсериялы фильмді бірінші болып көрсетуге «Ресей», «әл-Жазира», «Бірінші арна», «НТВ» телеарналары қызығушылық танытқан көрінеді. Сонымен қатар А.Әсенов фильмнің кинотеатрларда көрсету арналған нұсқасын да шығару жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар