Қазақ фильмі киносыншылардың жоғары бағасына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ фильмі киносыншылардың жоғары бағасына ие болды

Қазақ фильмі киносыншылардың жоғары бағасына ие болды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай АҚШ-та жаңа деректі фильмнің тұсауы кесілді, - деп хабарлайды http://24.kz/.

  • 24 Тамыз 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz

Әйгілі актер әрі танымал продюссер Роберт Де Нироның жеке киностудиясында көрерменге тұңғыш жол тартқан туынды «Дешті Қыпшақ: Құпия белгілер» деп аталады. Картина шетелдік білікті мамандардың жоғары бағасын алып отыр. Мәселен Ұлы Жібек жолы мен халықаралық байланыс құралы болған қыпшақ тілі туралы мәліметтер әлемдік кино сыншылардың таңданысын туғызды. Қазірде қыпшақтар туралы құнды деректер сақталған Италия, Армения және Украина елдеріне экспедициялар ұйымдастырылып жатыр. Жаңа кинокартинаның авторы Бахыт Қайыров жиналған тың деректерден тағы 10 кинолента түсіруді жоспарлап отыр.

Алла Верлотски, Seagull Films киностудиясының президенті:


— Мен бүгін қыпшақтардың Жібек жолы арқылы Италия және Қырым татарларымен тығыз қарым-қатынаста болғанын біліп, таңданып отырмын. Жаңа бастаманың маңызы өте зор.

Рафис Абазов, Колумбия университетінің профессоры:

— Бұл киноны америкалық аудиторияға көрсету маңызды. Өйткені бұл жерде Ұлы Жібек жолы туралы құнды деректер бар. Кезінде Жібек жолы көптеген мәдениет пен халықты біріктірген. Сондай-ақ фильмді жасаушылар Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан орасан үлесін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар