Қазақ хандығы туралы фильмнің алғашқы сериялары қашан жарыққа шығады? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ хандығы туралы фильмнің алғашқы сериялары қашан жарыққа шығады?

Қазақ хандығы туралы фильмнің алғашқы сериялары қашан жарыққа шығады?

Қазақ хандығы туралы фильмнің алғашқы сериясы қашан шығады?  

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 1618
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова мәлім етті: желтоқсанға қарай шығады. .

«Өздеріңіз білесіздер, кино өндірісі өте күрделі. Оның дайындық, түсіру мерзімдері бар. Біздің үлкен жобамыз, яғни Қазақ хандығы туралы сериал дайындық мерзімінен өтіп, бүгінде кино өндіріске түсірілімдер басталып жатыр. Сондықтан қаражат шегінде жоспарланған шаралар бойынша жұмыстар жүруде. Желтоқсанға қарай бірінші серияларды көреміз деген үміттеміз»,-деді департамент басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жобаның қойылымы қиын және оны жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл тұрғыда декорациялық, павильондық, интерьерлік және экстерьерлік нысандарды жасау қарастырылған. Оның ішінде Сығанақ, Созақ қамалдарын, Алмалық қаласын, хандардың сарайлары мен өзге де түсірілім нысандарын, киімдерді тігу, қажетті бұйымдар мен  ат әбзелдерін даярлау, қару-жарақ, компьютерлік графиканы әзірлеу және басқа да шараларды іске асыру жұмыстары бар. Айта кетейік, «Қазақ Елі» туындысының режиссері — Рүстем Әбдiрашев.