Қазақ өнерінің саңлақтары: Марат Бисенғалиев - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ өнерінің саңлақтары: Марат Бисенғалиев

Қазақ өнерінің саңлақтары: Марат Бисенғалиев

Марат Сәметұлы Бисенғалиев - скрипкашы. 1962 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мараттың әкесі Сәмет Бисенғалиевтің арғы аталары Батыс Қазақстан облысының Орда елді мекенінде тіршілік кешекен.

  • 2 Қазан 2014
  • 978
Фото - Caravan.kz

Сәмет Бисенғалиев институтта жоғары білім алған соң Қырғызстанның Жалалабад облысының қаржы бөлімін басқарды. Кейін отбасы Алматыға қоныс аударғаннан кейін Мараттың әкесі Сәмет қаладағы Калинин ауданының қаржы бөлімінің төрағасы қызметінде болды.

Мараттың анасы — Арухан көршілес Астрахань облысының тумасы. Мұғалім болған. Сәмет пен Аруханның — Ғалия, Райхан, Батима, Ғанимат, Сағадат, Марат есімді алты бала тәрбиелеп өсірген. Марат үйдің кенжесі болған. Ол 1962 жылы 13 наурыз күні Алматы қаласында өмір есігін ашты.

Мараттың әкесі Сәмет Бисенғалиев қазақтың қара домбырасының құлағында ойнаған өнер иесі еді. Кезінде ол орындаған Дәулеткерей мен Сейтек күйлері  таспаға түскен болатын. Әкенің өнері балаларын да айналып өтпеді. Десе де, Мараттың музыкалық қабілеті кешірек оянды. Мектепте жүрген шағында оны алда музыка өнерпазы болады деп ешбір жан ойламаған екен.

1969 жылы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық училищенің скрипка сыныбында оқи бастайды. Ол 8 сыныпта Нина Михайловна Патрушеваның тәрбиесінде нағыз ұстазын тауып, скрипкада беріле ойнайды.

Училищені бітірген соң ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ардақты Н.М.Патрушеваның класына қабылданды. Үшінші курста П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Борис Владимирович Беленькийдің класына ауысты. 1988 жылы Қазақстанға келіп «Алтын алма» атты жеке батыстық музыка ұжымдарымен тайталаса алатын камералық концерт құрды. Дирижер Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры Я.Фудиман, Р.Хисматуллин, Я.Мавриди, С.Бисенғалиева, М.Бекмағанбетов сынды өнерпаздарды шақырды. Бұл Мараттың өзі үлкен қанағаттанушылықпен есіне алатын оркестрді басқару тәжірибесі еді. Бастама Мараттың Англияға кетуіне орай тоқтап қалды.

1990 жылдан Англияда тұрады. Осы уақыттан бастап, белсенді концерт берумен айналысады.1990 жылы Англия корольдігінің оркестрімен үлкен концерттер қояды.Осыдан кейін-ақ, оның скрипкашылық өнері таныла түсті. Осы жылы «Наксос» фирмасының менеджері оны байқап, осы фирмамен бірге жұмыс істеуге шартқа отыруды ұсынады. Мұның өзі скрипкашы алдында батыстың көптеген концерттік залдарының есіктері айқара ашыларына және әлемдік жетекші маңыздағы оркестрлерде орындауына мүмкіндік туғызды. Ол әлемнің ең үздік «Карнеги Холл» және «Барбикен Холл», «Альберт Холл», «Гивен Хауз» залдарында өнерімен жұрттарды тамсандырды.

Марат Сәметұлының орындауындағы шығармалар жазылған үнтаспалар сатылымы да молая түсті. Оның көптеген дискілері ағылшын журналы «Граммофонның» үздігі аталды. 1989 жылы Мәскеудегі «Мелодия» фирмасы да оның орындауындағы шығармаларды үнтаспаға жазды. Оның репертуарына 80 скрипкалық концерті мен 1,5 сағаттық камералық музыкаға арналған бағдарламалары енді.


1996 жылы Нью-Йорктің Барбикан Холында Англияның камералық оркестрімен берген концерті халықаралық скрипка жұлдызы ретінде қалыптасуындағы шешуші кезең болды. Ол ірі әлемдік музыка жазбаларымен айналысатын компаниялармен тұрақты келісімшарт жасасады. Қазіргі кезде Марат Бисенғалиевті дүниежүзінің танымал сыншылары мойындап отыр. Оны «Қазақстанның бейбітшілік елшісі» деп атайды. Марат Бисенғалиевтің тікелей ұйымдастыруымен құрылған батысқазақстандық симфониялық оркестр Астана, Алматы және Орал қалаларында "көмеймен ән салатын" өнерпаз Еділ Құсайыновтың Финляндия хоры мен Ұлыбританиялық орындаушыларының қатысуымен өткен екі сағаттық концерті аса табысты өтті. Karl jenkins Music ltd дискіде музыкалық поэманы жарыққа шығарды. Оны таспаға түсіруді Sony classic фирмасының студиясы мойнына алды. Бұл оркестрде кеңесші дирижер болуға кезінде Фуат Мансұров пен ағылшындық дирижер Джон Андерсон қатысқан-ды. Марат Бисенғалиевке 2008 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

Аса шебер өнерлі скрипкашыны 2005 жылы Англияда өткен концерттің аяқталғанында үндістандық менеджер сахна сыртына көтеріліп, оған  ұсыныс жасайды. Мақсаты — Марат Бисенғалиевтің тікелей көмегімен Үндістанда симфониялық оркестр құру. Бұл күндері Үндістанда сондай оркестр қанатын жая түсуде. Сонымен бірге Марат Францияның мәдениет министрлігінің сұранысымен Парижде де көптеген концерт қойды.

Міне, қазақтың дарынды өнер саңлағы қазақ есімін осылайша күллі әлемге паш етті.

Соңғы жаңалықтар