«Қазақстанның эстрадасы — жаңа есімдер» концерті «Ресей — Қазақстан ХХІ ғасыр» фестивалінің аясында өтті. Академияның оқушылары отандық және шетелдік эстраданың танымал әндерін, хореографиялық композицияларды орындады.
Сахнаға әнші Толқын Забирова шықты, сондай-ақ ҚР халық әртісі Роза Рымбаеваның өнеріне қол соққандар аз болған жоқ.
Қазақстандық труппаның жеке орындаушысы БердібекҚұлғараевтың сөзіне қарағанда, аталмыш шара мәскеуліктерді отандық эстраданың жаңа есімдерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған.
Концертті Қазақстан мен Ресей Мәдениет министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ РФ-ғы ҚР Елшілігі ұйымдастырды.