"Қазақ жаман жағын бірінші көреді": Кенжебек Жанәбілов елді шулатқан сурет жайлы сөздерге жауап берді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ жаман жағын бірінші көреді": Кенжебек Жанәбілов елді шулатқан сурет жайлы сөздерге жауап берді

"Қазақ жаман жағын бірінші көреді": Кенжебек Жанәбілов елді шулатқан сурет жайлы сөздерге жауап берді

Әнші Кенжебек Жанәбілов өзінің жарнама үшін ашық түскен суретіне қарсы жазылған пікірлерге жауап берді.

  • 10 Наурыз 2021
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Журналист Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатында әнші пікірталас тудырған сурет жөнінде айта кетті.

"Қазақ жаман жағын бірінші көреді ғой. Осы уақытқа дейін жасаған жарнамаларымның ішінде ең өтімдісі осы болған шығар. Бұл енді бір қара пиар болды. Қара пиар деген бұрыннан келе жатқан үрдіс қой. Жаңа жолда бір үлкен кісімен келдім. Оның пікірі қызық болды маған осы суретті көрсетіп, не ойлайсыз деп сұрадым. Ол айтады: " онда тұрған ештеңе жоқ, шетелдің әртістері өздерін таныту үшін неше түрлі әрекеттерге барып жатады ғой. Өзін танытудың бір жолы қара пиар ғой қысқасы, ештеңесі жоқ"-деп жауап берді. Шынымды айтсам қалай болар екен деп ойладым суретті жүктейтін кезде. Не болса да тәуекел деп салдым. Елдер бір-бірімен ұрсысып жатыр, біреу жақсы десе енді бірі несі жақсы деп. Енді шынымды айтсам, осы жарнама арқылы ELITE шоколадқа тапсырыс өте көп түсті. Жаңағыдай ғой бірінші жаман жағын тез көреміз. Осы уақытқа дейін де жасап келген жарнамам болатын ол. Тек бұл жолы басқаша. Абай атамыздың сөзі бар ғой :"өлген адамның жаманы жоқ, тірі адамның өсектен аманы жоқ"-деген, сол сияқты жақсысын алып, жаманын қалдырып жүре беремін" — деді әнші Жанәбілов.


 

Соңғы жаңалықтар