«Қазақфильм» 20 көркем фильмді түсіруді аяқтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақфильм» 20 көркем фильмді түсіруді аяқтайды

«Қазақфильм» 20 көркем фильмді түсіруді аяқтайды

2001 жылы елімізде бір ғана фильм түсірілсе, ағымдағы жылы «Қазақфильм» 20 көркем фильм түсіруді толық аяқтайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді.

  • 6 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, аталған 20 фильмнен бөлек, тағы 10 туынды өндірісте жатса, бұдан басқа 10 фильмді түсіру биыл қолға алынады. «Сонды бір жылда 40 көркем фильмнің жұмысы жүргізіліп жатыр деген сөз. Егер бұған деректі фильмдерді қосып есептесек, бір жылда «Қазақфильм» 70 туындымен жұмыс істеп отырғанын айтуға болады. Бұл шындығында еліміз үшін өте үлкен көрсеткіш», — деді М. Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша, еліміздің киностудия тарихында алғаш рет жүргізілген жаңғыртудың нәтижесінде постөндірістің барлық технологиялық топтамасы қалыптастырылған. Соның нәтижесінде қазіргі таңда постпродакшн бойынша барлық қызметтер тікелей «Қазақфильмнің» өзінде жүзеге асады.

Соңғы жаңалықтар