Жарияланды: 340

«Қазақфильм» балаларға бет бұрды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы биыл балаларға арналған 3 фильмді жарыққа шығарды.

Бұл туралы киностудияның бас редакторы Дидар Амантай бүгін Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш фэнтези жанрында «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» фильмінің премьерасында айтты. «Қазақфильм» қайтадан балалар фильмдерін шығара бастады. Биыл Смағұл Елубайдың сценарийі бойынша Ерлан Нұрмағамбетовтың «Қамбардың каникулы» түсірілген болатын. Бүгінгі фильм де көрермен жүрегінен жол табады деп үміттенеміз. Алдағы уақытта енді Дамир Манабаевтың «Лотерея» фильмінің тұсакесері жоспарлануда», - дейді Д.Амантай. Оның айтуынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада өтетін «Қазақ киносының апталығында» анимациялық «Ертөстік және Айдаһар» фильмінің көрсетілімі болмақ. Бұл туынды да Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш толық метражды фильм болғалы отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін