Қазақконцерт «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосының «На волнах романтизма» концертіне шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақконцерт «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосының  «На волнах романтизма» концертіне шақырады

Қазақконцерт «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосының «На волнах романтизма» концертіне шақырады

«FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы елордалық көрерменге «На волне романтизма» атты жаңа концертін ұсынады. Бұл «Жұлдызбен бір сахнада» жобасы аясындағы қорытынды концерт болмақ.

  • 24 Маусым 2021
  • 58
Фото - Caravan.kz

Концерт 25 маусым күні сағат 19:30-да «Қазақстан» орталық концерт залының үлкен сахнасында (Мәңгілік ел, 10/1) өтеді.

«Жұлдызбен бір сахнада» жобасы аясында бұл концерт жаңа форматта өтеді. Оның басты ерекшелігі – көрермендер концертті әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттің тікелей қатысушысы бола алады.

Бұл кеште өнер сүйер қауым музыкалық романтизм әлеміне саяхат жасап, атақты классикалық композиторлардың үздік туындыларын тыңдай алады. Концерттің бағдарламасына романтизм дәуірінің танымал музыкалық пьесалары мен француз композиторы Эрнест Шоссонның фортепианолық триосы енген.

«FORTE-TRIO» өнер ұжымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеевтің көркемдік жетекшілігімен өнер көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар