Жарияланды: 650

Қазақстан, Италия мен Қытай елдері бірлесіп саяхатшы Марко Поло туралы деректі фильм түсіреді

Қазақстан, Италия мен Қытай елдері бірлесіп саяхатшы Марко Поло туралы деректі фильм түсіреді

ХІІІ ғасырда өмір сүрген атақты саяхатшы, көшпенділердің тарихын зерттеп, соның ішінде қазақтың салт-дәстүрі туралы тамаша жазбалар қалдырған

Марко Поло туралы деректі фильм түсіріледі. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім еткендей, деректі фильмді Италия, Қазақстан және Қытай мемлекеттерінің режиссерлері түсіріп шығады. 

«Марко Поло туралы деректі фильм өте маңызды жоба. Себебі, Марко Поло біздің жеріміз бен дәстүріміз туралы тамаша естеліктер қалдырған адам. Марко Поло біздің халық арасындағы дәстүрлерді өте тамсана жазған және өзге елдермен салыстырғанда, жақсы жақтарын көп терген саяхатшы. Сондықтан зерттеуші туралы деректі фильмнің де салмағы ауыр», - дейді А.Мұхамедиұлы. 
Бұл ретте ол деректі фильмді түсіруге Италия мен Қазақстан ғана емес, Қытай да атсалысуға дайын екенін айтты. Себебі, бәріміз білетіндей, Марко Полоның Қытай туралы да естеліктері көп. 
«Үш елдің арасындағы уағдаластыққа сәйкес, фильмді үш елдің режиссерлері түсіреді. Жалпы, бұл мәселеде Италия, Қазақстан және Қытай арасында үшжақты ынтымақтастық орнатып алуымыз керек. Қытай тарапымен уағдаластық орнаттық, себебі Марко Поло Қытайда тұрғанда көп дүние жазған. Итальяндық режиссерлермен де кездестік. Марко Полоның жазбасына қарап дайындалған үш сценарий бар», - деген министр деректі фильм 2016 жылы түсірілетінін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін