Жарияланды: 460

Қазақстан мен Беларусь киноиндустрия саласында ынтымақтасуға келісті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде

шығыс Еуропадағы ірі киноөндіруші кәсіпорын болып табылатын «Беларусьфильм» Ұлттық киностудиясының бас директоры Олег Игоревич пен Қазақстандағы Беларусь Республиканың Елшілігінің бірінші хатшысы Вадим Сверчков Мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаевпен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Кездесуге сонымен қатар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның басқарушы директоры Ілияс Ахмет те қатысты. Кездесу барысында Орталық Азия аймағында жетекші орындағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы мен «Беларусьфильм» Ұлттық киностудиясының өзара байланыс орнатуы мәдени ынтымақтастықты дамытудағы екі елдің мүддесіне сай келетіндігі аталып өтті. Сондай-ақ, беларусьтық әріптестер қазақ кинематографиясының қарқынды дамуын тілге тиек етті және кино саласына арналған ұлттық заңнамамен, мемлекеттік қолдау көрсету жолдарымен танысуға қызығушылықтарын білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін