Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Астанада V-ші Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Астанада V-ші Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Астанада V-ші Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Астанада V-ші Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 612
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік хатшы сөзінің басында ұлттық мәдениеттің байлығы мен сан алуандығы болмаса, қазіргі әлемдегі мемлекеттің дами да алмайтынын, бәсекеге де қабілетсіз болатынын мәлімдеді.

«Мәдениетімізге мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрақты қолдау нақ осыған байланысты. Әсіресе бұл қазақ кинематографиясының дамуынан айқын көрінеді. Кино өнерінің дамуына қуатты серпін берген 80-ші жылдардағы қазақ киносының «жаңа толқыны» бәріміздің есімізде. Бүгінде соңғы жылдары тәуелсіз Қазақстан кинематографы өзіндік қайта өрлеу кезеңін басынан өткеріп отыр деуге толық негіз бар»,- деді ол.

«Ұлттық киноиндустрияны бюджеттік қаржыландыру артты, талантты киногерлердің жаңа буыны пайда болды. Қазақстандық фильмдер мен оларды жасаушылар ең беделді халықаралық кино байқауларына қатысып, жеңімпаз атануда. Киногерлердің халықаралық ынтымақтастығы кеңейіп келеді. Осылайша, бүгінде біздің кино өнері Қазақстанға әлемді, әлемге — Қазақстанды танытып отыр»,- деді Қ.Саудабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар