Қазақстан студенттері бүкіләлемдік қытай тілі және мәдениеті байқауына қатысады
![]() |
Ухань қаласында (Қытай, Хунань провинциясы) 16 шілде мен 8 тамыз аралығында «Қытай тілінің көпірі» атты қытай тілі мен мәдениетінің 10-шы мерейтойлық бүкіләлемдік студенттер байқауы өтеді. |
Байқау үш сатыдан тұрады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара шетелдік студенттерге қытай тілін меңгеру деңгейлерін арттыруға берік негіз болып қана қоймай, оларға қытай мәдениетін жақынырақ біліп, қарапайым қытайлықтардың тұрмысын тануға, Қытайдың ұлттық ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.
Өткен жылғы 9-шы бәйгеге әлемнің 30 елінен 812 студент қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар - ҚХР-дағы жоғарғы білім беру орындарында тегін білім алу гранттары беріледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін