«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның жобаларын ұсына бастады

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы күзгі маусымның ірі жобаларын эфирге шығара бастады. Оның бірі демалыс күндері эфирге шығатын әлемдік шоу - «Qazaqstan дауысы».

  • 3 Қыркүйек 2021
  • 2396
Фото - Caravan.kz

Бұл — әлемнің 100 елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Жобаның басты ерекшелігі — қатысушылар тек вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалады.

Биылғы жаңа маусымда жобада бақ сынауға www.qazaqstan.tv ресми сайты мен аймақтағы іріктеулер арқылы 6000 адам өтінім берді. Олардың арасынан алғашқы кезеңге 100-ден астам қатысушы шақырту алды.

«Qazaqstan дауысында» тәлімгерлерлік ететін 4 әншінің есімі де белгілі болды. Олар — Париждегі «Гранд Операда» Қазақстан атынан шыққан алғашқы және жалғыз солист Майра Мұхамедқызы, қазақстандық әнші, танымал «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев, эстрада әншісі, композитор, халықаралық ән фистивальдерінің жүлдегері Маржан Арапбаева және «Ninety One» тобының мүшесі Батырхан Маликов (ALEM). Қазірдің өзінде көремендер бұл төрттікті «ең үздік құрам» деп жариялап жатыр.

Жоба 4 кезең бойынша өтеді: «Көрмей тыңдау», «Жекпе-жек», «Жарға жығу», тікелей эфирдегі сайыстар және финал. «Көрмей тыңдау» кезеңінде әр тәлімгер 16 қатысушыдан құралған топ құрады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Жоба жеңімпазы тәлімгерлермен бірге, халықтың дауыс беруі арқылы жыл соңында анықталады.


«Qazaqstan дауысы» вокалды телевизиялық шоуы «Qazaqstan» телеарнасында 4 қыркүйектен бастап сенбі күндері 20:40-та эфирге шығады.

Атап өтер маңызды ақпарат, «Qazaqstan» телеарнасының Көркемдік кеңесі биылғы маусымда іріктеуден өтпеген үздік үміткерлер келесі маусымға шақырту алатыны жөнінде шешім қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар