Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Еуразиялық құрмет белгісімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Еуразиялық құрмет белгісімен марапатталды

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Еуразиялық құрмет белгісімен марапатталды

Бұл "Еуразия әлемі – XXI ғасыр" жаһандық еуразиялық жақындасудың мемлекетаралық форумы ұйымдастыру комитетінің ресми сыйлығы. Жоба Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігімен, Еуразиялық экономикалық комиссиямен, Мәскеу қалалық Думасымен бірлесіп жүзеге асады.

  • 4 Қазан 2021
  • 387
Фото - Caravan.kz

Еуразиялық Құрмет Белгісі биылғы жылы бекітілді, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет оның алғашқы лауреаттарының бірі атанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы kazembassy.ru-ға сілтеме жасап. 

Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде өткен марапаттау рәсімі барысында "Еуразия әлемі – ХХІ ғасыр" форумының марапаттау кеңсесінің мүшесі, ВОСВОД Кеңесі Төралқасының мүшесі Юрий Безридный Ұлықбек Есдәулеттің елдерді, мәдениеттер мен халықтарды Еуразиялық жақындастыру ісіндегі көп жылғы еңбегі үшін "Қоғамдық қызмет" және "Мәдениет" номинациялары бойынша ие болғанын атап өтті.

Өз кезегінде Ұлықбек Есдәулет құрметті марапат үшін ризашылығын білдіріп, еуразиялық кеңістікте шығармашылық байланыстар мен мәдениеттер диалогын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта пандемия басталғалы бері алғаш рет Қазақстан мен Ресей өкілдері арасындағы шығармашылық байланыстар қайта жандануда. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қараша айында Мәскеуде КСРО ыдырағаннан бері екі ел жазушыларының кең ауқымды кездесуі өтті. Осыдан кейін "Қазақстан – Ресей" әдеби альманахының бірнеше нөмірлері, сәйкесінше "Еуразиялық муза" тақырыптық беттері ресейлік "Литературная газетада" жарияланды. Соңғы жылдары Қазақстанда өзіндік ерекшелігі бар авторлардың жаңа буыны өсті, олардың шығармашылығы Ресейдің оқырмандарына қызықты болуы мүмкін. Өз кезегінде, Қазақстанда да жаңа орыс әдебиетімен танысқысы келеді.


Соңғы жаңалықтар