Жарияланды: 370

Қазақстанда дүниеге келген модель және актер Queen of the Universe-2013 конкурсына қатысады

Қазақстанда дүниеге келген модель және актер Жазира Нұрқожаева Queen of the Universe-2013 ("Әлем Патшайымы») конкурсына қатысады, деп хабарлады Tengrinews.kz конкурстың ресми сайтына сілтеме жасап.

Queen of the Universe Лос-Анджелесте 2013 жылғы 26 қаңтарда өтеді. Конкурс жеңімпазы ғаламшардағы әрбір бала білім алуы үшін күресетін болады. Сондай-ақ ол қайырымдылық шараларын өткізу мақсатында үшінші елдерде болып, білімі төмен адамдармен жұмыс жасайды, жаңа білім беру орындарының ашылуына көмектеседі. «Әлем аруы» сондай-ақ өз елінің мәдениетін насихаттап, бейбітшілік пен сұлулық елшісі ретінде қызмет көрсетеді. Жазира Нұрқожаева қазір Лос-Анджелесте модель және актер болып жұмыс істейді. Ол екі кинокартинаға түсті. Оның халықаралық сұлулық конкурстарына қатысу тәжірибесі бар. 2007 жылы ол «Жер аруы» конкурсына қатысты, ал 2011 жылы Miss Asia USA конкурсында ең әдемі киімі үшін жүлдеге ие болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін