Жарияланды: 410

Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді

Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді

Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлім етті.

 «Мемлекеттік Эрмитаж және ҚР Ұлттық музейі арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен келісім аясында біздің елімізде алғаш рет «Эрмитаж күндері» өтеді. Бұл оқиға Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр», - деді ол.

Эрмитаж күндері бағдарламасында дәрістер, шеберлік-сыныптары, музей саласында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою секілді шаралар қамтылып отыр.

Министрдің орынбасарының айтуынша, сонымен қатар ресейлік танымал ғалым, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровский елімізге келмек. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін