Жарияланды: 2900

Қазақстанда тарихи және мәдени ескерткіштер жаңғыртылады

Қазақстанда тарихи және мәдени ескерткіштер жаңғыртылады

«Мәдени мұраның» жаңа бесжылдық жоспарында Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін қайта қалпына келтіру қамтылған. 

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісінің ресми сауалына  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.

Атап айтқанда, құжат 2015-2020 жылдарға арналған және қазіргі кезде тиісті мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр.

 «Аталған жоспарға қолданбалы, ғылыми археологиялық зерттеулер бойынша Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты кітаптарды басып шығаруға, сондай-ақ туризмді, мұражай мен кітапхана ісін дамыту, тарих және мәдени ескерткіштерді  қайта қалпына келтіру,халықаралық алаңдарда еліміздің мәдени мұрасын насихаттау секілді бөлімдер енгізілді»,-деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылы бағдарлама қабылданғалы бері 78 тарих пен мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді, олардың 28-і (35%) - 2008 бен 2011 жылдар арасында реставрацияланған. Екі ескерткіш ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұрасына кірді, олар Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені.

Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.

Ғылымға біздің ата-бабаларымыз тарихы туралы мәлімет беретін мыңдаған артефактілерге 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін