Қазақстанда тұңғыш рет Eurasian Music Awards еуразиялық музыкалық сыйлығы тағайындалады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұңғыш рет Eurasian Music Awards еуразиялық музыкалық сыйлығы тағайындалады

Қазақстанда тұңғыш рет Eurasian Music Awards еуразиялық музыкалық сыйлығы тағайындалады

Muzzone отандық арнасы Eurasian Music Awards алғашқы еуразиялық музыкалық сыйлығын тапсыру өткізілетіндігін хабарлады.

  • 23 Желтоқсан 2012
  • 395
Фото - Caravan.kz

Ақпан айында 2012 жылдың нәтижелері шығарылып, Қазақстан эстрадасының үздік орындаушылары марапатталатын болады. Ал келесі жылы ұйымдастырушылар номинанттардың тізіміне алыс және жақын шет елдердің әртістері де енеді деп үміттенуде. Бұл туралы «Время» газетінде Ксения Евдокименко жазды.

Байқау аталымдарында ең үздік ер және әйел орындаушы, ең үздік ерлер және әйелдер ұжымы, live-ұжымы, үздік дебют, ән, ұлттық фолк/этножоба және бейнеклип таңдап алынады. Әрбір аталымда — алты үміткер. Жеңімпаздар жасырын қазылар алқасының дауыс беруінен кейін жарияланатын болады. Оның құрамы аталмай отыр. Серіктестер мен демеушілер де өздері ұнатқан әртістерге сыйлықтарын тағайындай алады.

Өз кезегінде қазақстандықтар да өздерінің сүйікті орындаушыларына әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы қолдау білдіре алады. Интернет-пайдаланушылардың және СМС-дауыс беру қатысушыларының махаббатына ие болған музыканттар көрермендер көзайымы сыйлығын алатын болады.

Бірақ сыйлықтың шырқау шегі финалдық шоу болмақ. Мұнда да ұйымдастырушылар бар қызықтармен бөлісуге асықпай отыр. Белгілісі кешті алты жүргізуші жүргізеді, техникалық жағынан көмекке украиндық мамандар келеді. Билеттер құны да әртүрлі болмақ, мысалға, фуршеті бар VIP-аймаққа өту 15 мың теңге тұрады.