Қазақстандық әнші Мария Мудряк Валлония Корольдік театрында өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық әнші Мария Мудряк Валлония Корольдік театрында өнер көрсетеді

Қазақстандық әнші Мария Мудряк Валлония Корольдік театрында өнер көрсетеді

Белгілі қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Льеже қаласындағы Валлония Корольдік театрда өнер көрсетеді. Бұл туралы бельгиялық театрдың ресми сайтынан хабарланды. 

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 569
Фото - Caravan.kz


Белгілі опералық әнші  Россинидің «Жібек саты» (La scala di seta) операсына қатысуға шақыртылды. Қазақстандық орындаушы италиялық композитордың шығармасында басты рөлді — Джулия рөлін ойнамақ.

Концерт 2016 жылдың 11 наурызынан 19 наурызға дейін өтеді. Оны белгілі америкалық  дирижер Кристофер Франклин басқарады.

Атап өтейік, Мария Мудряк 12 жасында Милан қаласының  «Scuola Musicale di Milano» Жоғары музыка академиясында оқуы үшін Мемлекеттік Президенттік «Болашақ» стипендиясына ие болды.   2008 жылы 14 жасында Джузеппе Верди атындағы Мемлекеттік Консерваторияға оқуға түсті. Қазір ол жоғары білімі бар әлемдегі ең жас опералық әнші.