Жарияланды: 550

Қазақстандық әнші «Витебск-2011» конкурсының екі күнінің қорытындысы бойынша үздік бестіктің қатарына кірді

Эстрадалық әндердің «Витебск-2011» халықаралық конкурсында бірінші және екінші күннің қорытындысы бойынша беларус әншісі Алена Ланская көш бастап келеді,

деп хабарлайды БЕЛТА. Одан кейінгі орындарда: 174 балмен украиналық орындаушы Владимир Квасница, 170 балмен чехиялық Давид Дейл мен литвалық әнші Рута келеді. Үздіктер бестігіне қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов те кіріп отыр. Конкурстық орындаулар аяқталды, бірақ интрига 13 шілдеге - марапаттау рәсіміне дейін сақталады, себебі ең үлкен ұпай жинаған орындаушы әрқашан фестивальдің Бас жүлдесін ала бермейді. Оған қоса, конкурс шарты бойынша қазылар алқасы екінші және үшінші жүлдені бөлуі мүмкін. «Витебск-2011» халықаралық конкурсының биылғы бас жүлдесі 15 мың долларды, І, ІІ және ІІІ жүлделер сәйкесінше, 9, 6, 3 мың долларды құрайды. Халықаралық конкурсқа 20 елден 20 орындаушы қатысуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін