Қытай Үлкен ұлттық театры директорының орынбасары Дэн Ицзянның айтуынша, байқау талантты балет әрістері мен хореографтарды танып, мадақтауға және өнер саласында халықаралық байланыс орнатуға бағытталған.
Байқауға Қазақстан атынан бір ғана әртіс — Ерлан Андағұлов қатысатынын айта кету керек. Қазақстандағы балет саласына тоқталған халықаралық сарапшылар ерлер мектебін атай кетті.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші Бейжің халықаралық байқауын Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен 7 шілде және 17 шілде күндері Қытай үлкен ұлттық театры өткізуде.
Байқау лауреаттары мен оған қатысқандар 16-17 шілде күндері болатын гала-концертке қатысады.