Қазақстандық артист алғашқы Бейжің халықаралық балет және хореография конкурсына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық артист алғашқы Бейжің халықаралық балет және хореография конкурсына қатысады

Қазақстандық артист алғашқы Бейжің халықаралық балет және хореография конкурсына қатысады

Қытай астанасында алғашқы Бейжің халықаралық балет және хореография әртістерінің конкурсы (IBCC) басталды. 10 күн бойы 20 елден келген 80 әртіс пен хореографтар Қытайдың Үлкен ұлттық театры сахнасында өз шеберліктерін паш етеді.

  • 8 Шiлде 2011
  • 538
Фото - Caravan.kz

Қытай Үлкен ұлттық театры директорының орынбасары Дэн Ицзянның айтуынша, байқау талантты балет әрістері мен хореографтарды танып, мадақтауға және өнер саласында халықаралық байланыс орнатуға бағытталған.

Байқауға Қазақстан атынан бір ғана әртіс — Ерлан Андағұлов қатысатынын айта кету керек. Қазақстандағы балет саласына тоқталған халықаралық сарапшылар ерлер мектебін атай кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші Бейжің халықаралық байқауын Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен 7 шілде және 17 шілде күндері Қытай үлкен ұлттық театры өткізуде.

Байқау лауреаттары мен оған қатысқандар 16-17 шілде күндері болатын гала-концертке қатысады.

Соңғы жаңалықтар