Бұл фестивальде сондай-ақ Түркия, Қытай, Испания, Палестина, Румыния сияқты елдердің және Парсы шығанағы мемлекеттерінің музыканттары мен өнер қайраткерлері де болды.
21-25 шілде аралығында Иорданияның Жераш қаласында өнер көрсеткен қазақ домбырашыларының «Шат» ансамблі мен «Гауһар білезік» би ансамблі фестиваль көрермендері мен қонақтарының жоғары бағасын алды. Бұл фестиваль жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, Иордания ұлттық телеарнасында кеңінен таныстырылды.