Қазақстандық боксшы қыз екі фильмге түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшы қыз екі фильмге түседі

Қазақстандық боксшы қыз екі фильмге түседі

[wpcode id="1694287"] Қазақстандық боксшы Фируза Шәріповаға бірден екі фильмге түсу туралы ұсыныс жасалды. «Біз 30 қарашада &l

  • 6 Желтоқсан 2016
  • 945
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық боксшы Фируза Шәріповаға бірден екі фильмге түсу туралы ұсыныс жасалды.

«Біз 30 қарашада «Еуразия Барысы» турнирінің алдында командамызбен салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, спортшыларымызға қолдау көрсету үшін Алматыға келген болатынбыз. Содан бізге менің мансап жолым жайлы деректі фильм түсіруге ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, анасының өліміне кек алу үшін спортпен айналысқан қыздың рөлін ойнау үшін, яғни көркем фильмде басты рөлді ойнауға ұсыныс айтылды», — деді боксшы қыз.

Спортшы қыз өзін әртіс рөлінде көргісі келетінін мойындады. «Мен өзімді әртіс ретінде көргім келетіндіктен бұған келісімімді бердім. Қазір фильм жайлы сөйлесіп жатырмыз. Осы аптада барлығы нақты белгілі болады», — деді Фируза Шәріпова.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой рингте үш кездесу өткізген. Соңғы жекпе-жегі 24 қыркүйекте Алматыда өткен болатын. Онда ол серб қарсыласы Милена Матовичті техникалық нокаутпен жеңді.

Соңғы жаңалықтар