Қазақстандық «Іңкәр» тобы Түркияда өткен музыкалық фестивальге қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық «Іңкәр» тобы Түркияда өткен музыкалық фестивальге қатысты

Қазақстандық «Іңкәр» тобы Түркияда өткен музыкалық фестивальге қатысты

Түркияның Егей теңізі жағалауындағы Денизли қаласында Халықаралық «Түрікше көрініс» («Türkçevizyon») музыкалық фестивалі өтті,

  • 30 Маусым 2011
  • 712
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметінен.

Беделді музыкалық фестивальге әлемнің 20 шақты елінен 100 орындаушы қатысты. Қазақстанның атынан құрамына Ерке Есмахан, Малика Чегибаева және Әлфия Жарылқасын сынды әншілер кірген «Іңкәр» тобы өнер көрсетті. Түрік тілінде орындалған «Сүгірдің термесі» Денизли қаласының халқы мен фестиваль қонақтарын тәнті етті.

Қазақстандық топ сонымен бірге Түркия Мемлекеттік телерадиокомпаниясы «АВАЗ» телеарнасының тікелей эфирінде «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, көпшілікке танымал үш халық әнін орындады.

Соңғы жаңалықтар