Жарияланды: 450

Қазақстандық кинокартина тұңғыш рет Бүкіләлемдік кино қорының жүлдесін иеленді

Қазақстандық кинокартина тұңғыш рет Бүкіләлемдік кино қорының жүлдесін иеленді

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Эмир Байғазин түсірген «Үндестік сабақтары» («Уроки Гармонии») фильмі Бүкіләлемдік кино қорының жүлдесін жеңіп алды. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық кинокартина 43 елден келген 122 өтініштің арасынан іріктеліп алынған көрінеді.

«Үндестік сабақтары» алғаш рет Локарно кинофестивалінде Open Doors кинофорумына ұсынылды. 2011 жылы жоба «Қазақстандық киножобалар нарығында» жеңімпаз атанып, «Қазақфильм» киностудиясында іске қосылды. Сценарий авторы және режиссер Эмир Байгазин - Азиялық киноакадемияға (Пусан халықаралық кинофестивалі жанындағы) және Talent Campus-қа (Берлин халықаралық кинофестивалі жанындағы) қатысты. Оның қысқаметражды фильмдері халықаралық кинофестивальдерде түрлі жүлделер жеңіп алды. Жалпы Бүкіәлемдік кино қоры 2004 жылы Берлин кинофестивалінде құрылған болатын. Оның мақсаты - инновациялық эстетикалық әдіспен мықты тарихты айта алатын және көркем көрсете алатын фильмдерді қолдау. Бұл бағытта олар жыл сайын өндіріс кезеңіндегі жобаларға бірнеше қаржылай жүлде табыс етеді. Мәселен мұндай жүлдені иеленген режиссер Апичатпонга Верасетакуланың «Бунми аға өзінің өткен өмірлерін біледі» («Дядюшка Бунми, который помнит свои прошлые жизни») фильмі 2010 жылғы Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағын жеңіп алды. Режиссер Клаудия Льосаның «Сүт күйзелісі» («Молоко скорби») фильмі 2009 жылы Берлин Киофестивалінің Алтын аю, 2010 жылы Оскар сыйлығы аталымында және режиссер Хани Абу-Ассаданың «Жұмақ қазір» («Рай сейчас») фильмі 2006 жылы Алтын глобус пен Оскар сыйлығы аталымында жеңімпаз атанды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін